«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Реалға» қарсы кездесу қарсаңындағы баспасөз-жиынына қатысып, ойын ортаға салды.
Айта кетейік, ертең алматылық клуб ЧЛ жалпы кезеңінің 2-туры аясында «Орталық» алаңда испаниялық топ-клубты қабылдайды.
«Реалдай» азулы қарсыластың осал тұстары көп болмайтынын түсінікті. Әйтсе де, терең талдау жүргізе отырып, өзімізге керектісін тауып алдық. Қарсыласқа қарсы қалай қимылдау, қандай кемшілігін пайдалануды ойластырдық. Бірақ, кемшілік кез-келген командада болады. Маңыздысы – сол осал тұсын қалай пайдалануға болады? Бұл енді біздің мәселеміз...Оның қандай екенін дәл қазір мен сізге айта алмаймын. Ертең барлығын өздеріңіз көресіздер. Қолымыздан бірдеңе келсе, дұрыс дайындық болған деген сөз. Қарсылас өте жоғары деңгейде, оны біз тамаша білеміз», - деді Р. Уразбахтин.
«Қайрат» ЧЛ 1-турында «Спортингпен» кездесіп, 1:4 ұтылған., енді ертең тиімді есепке қол жеткізуге ниетті.