«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Реалға» қарсы ойын жайлы пікірін айтып, команданың дайындығы жайлы тілге тиек етті.
«Қайрат» - «Реал» матчы 30-қыркүйекте өтеді.
«Мұндай қарсыластармен тек алға ұмтылып шабуылдай беру немесе керісінше тек қорғаныста жатып алу мүмкін емес екен. Мұнда тепе-теңдік керек. Оларда жеке шеберлігі мықты футболшылар көп, мұндай қарсыласқа қарсы әрекет ету оңай емес. Кей ойыншылардың қимылын жауып, өзімізге артықшылық тудыратын сәттерді ойластыру қажет. Өйткені бір-бірге қалып, қорғаныс жасау қиынға түседі. Бірақ біз тек қорғаныста отыра бермейміз. Барлық матчта шабуыл мен қорғанысты қатар алуға тырысып келеміз. Алғашқы ойында кішкене қобалжу сезілді. Бірақ қазір біз жоғары деңгейде 9 матч өткіздік. Сондықтан жігіттерде қатты уайым болады деп ойламаймын. Ажиотаж бен мұндай эмоцияларға үйреніп қалды. Қосымша қысым болмайды, қайта олар үшін мотивация болады, — деді қазақстандық маман.
Алматылық клуб ЧЛ жалпы кезеңінің 1-турында сырт алаңда «Спортингтен» ұтылды 1:4.