“Қайраттың” болашақ қарсыласы күтпеген жерден сүрінді

14.09.2025, 08:00

Кипр чемпионатында сенсациялық нәтиже тіркелді. Қазақстандық жанкүйерлер жіті бақылап отырған Пафос клубы өз алаңында "Аполлонға" есе жіберді.

“Қайраттың” болашақ қарсыласы күтпеген жерден сүрінді

Ойын барысында алаң иелері бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, нәтижеге жеткізе алмады. Қонақтар болса өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, 56-минутта Гаэтан Вайссбек соққан жалғыз голдың арқасында жеңіске жетті.

Кездесу өте тартысты өтті: төреші бірден үш ойыншыға қызыл қағаз көрсетті – екеуі "Аполлоннан”, бірі "Пафостан". Соған қарамастан, "Пафос" сан басымдығын қолдана алмай, маусымдағы алғашқы жеңілісін тіркеді.

Еске сала кетсек, 21 қазанда Алматыда “Қайрат” пен "Пафос" УЕФА Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңі аясында кездеседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×