Словакияның "Слован" клубы өздерінің бас бапкері Владимир Вайсстың Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырады деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
Братиславалық клубтың ресми сайтында мынадай мәлімдеме жарияланды:
"Бүгін Словакиялық БАҚ-та бас бапкеріміз Владимир Вайсстың Қазақстан құрамасын тізгіндейді деген ақпарат тарады. "Слован Братислава” бұл мәліметті жоққа шығарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Біз алып-қашпа әңгімелер мен күмәнді дереккөздерге сүйенген осындай жалған ақпараттардың таралуына қарсымыз.”
Владимир Вайсс Словакиялық футбол бапкері. Ол 2012 жылдың соңынан 2015 жылдың қарашасына дейін Алматының "Қайратын” жаттықтырған. Вайсстың жетекшілігімен Алматылық ұжым Сол екі мәрте Қазақстан кубогын ұтса да ел чемпионы атана алмаған.
2016 жылдың наурызынан бастап Вайсс Грузия құрамасын жаттықтырып, 2020 жылдың қарашасында Еуро-2021 іріктеуіндегі шешуші матчтағы жеңілістен кейін қызметінен кеткен. 2021 жылдан бері ол Братиславаның "Слован” клубының тізгінін ұстап келеді.