"Қайраттың" бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазір Ресейлік "Черноморец" сапында ойнайтын Антон Крачковский Алматылық клубтың УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына пікір білдірді.
Ресейлік футболшының айтуынша, “Қайрат” бұл жетістікке толық лайық:
“Қайраттың” Чемпиондар лигасына шығуы кездейсоқ емес. Құрамында мықты ойыншылар жиналған. Бұл клуб барлық қиындықты еңсеріп, шынайы еңбектің нәтижесінде осында жетті. Ұзақ сапарлар мен түрлі ұйымдастырушылық қиындықтар ойыншыларға да, қарсыластарға да әсер етеді. Бірақ “Қайрат” ауыр матчтардың бәрін өткеріп, соңына дейін күресті.” – деді Крачковский.
Meta–ratings.ru