Алматылық “Қайрат” және Ресей құрамасының бұрынғы жұлдызы Андрей Аршавин 2005 жылғы Германиямен өткен жолдастық кездесудегі (2:2) голдың авторына қатысты ФИФА шығарған шешімге пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Халықаралық футбол федерациясы аталған голды Аршавиннің емес, Александр Кержаковтыңеншісіне жазуды ұйғарған.
Аршавиннің айтуынша, доп сызықтан өткенде соңғы соққыны өзі жасаған.
“Германияға голды мен соқтым деп есептеймін. Енді Кержаковты құрамаға шақыру керек, тіпті Артем Дзюба екеуін бірге шақырған дұрыс. Кімнің үздік екенін өзара шешіп алсын.” – дейді Аршавин.
Оқиға былай өрбіген еді: Аршавин Неміс қақпашысы Оливер Канды алдап өтеді де, бос қақпаға соққы бағыттайды. Доп сызықтан өтіп бара жатқанда, Кержаков оны жақын қашықтықтан түртіп жібереді. Міне, осы сәттен бастап голдың нақты авторы кім екені туралы дау 20 жылға созылды.
Бұл техникалық түзетудің Ресей футболы үшін маңызы өте зор. Себебі – Артем Дзюба құрама сапында 31 гол соғып, тарихтағы үздік сұрмерген болып тұр. Ал Кержаковтың есебінде 30 гол бар. Егер Ресей футбол одағы ФИФА-ның шешімін ресми түрде мақұлдаса, Кержаковтың да еншісінде 31 гол болады. Нәтижесінде Дзюба “жалғыз рекордшы мәртебесінен айырылып, Кержаковпен бұл орынды бөлісуге мәжбүр болады. Аршавиннің “екеуін де құрамаға шақыру керек” деген ұсынысы — осы рекордтық бәсекенің нүктесін алаңда қою керек деген ишара.