Алматылық "Қайраттың" соңғы жылдардағы табысының басты кейіпкерлерінің бірі Офри Арадтың келесі аялдамасы қайда екені белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Израильдік ойыншы Румынияның “Стяуа Бухарест” клубының ойыншысы атанатын болды.
Арадтың жаңа командасы “Стяуа Бухарест" қазіргі уақытта Румыния Суперлигасында 9-орында келе жатыр. Соңғы турда “Аржестен" 1:0 есебімен ұтылған Бухарест ұжымы 22 ойыннан кейін 31 ұпай жинаған.
Офри Арад 2023 жылы Алматыға келгенде көпшілік оны қарапайым орталық қорғаушы ретінде қабылдады. Алайда, уақыт өте келе ол тіреуіш жартылай қорғаушы позициясына ауысып, команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.
Арадтың "Қайрат” сапындағы жетістіктері:
• Қазақстан Чемпионы: 2024 & 2025
• Қазақстан Суперкубогының иегері: 2025
• Команданың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына үлес қосты
Ол Чемпиондар лигасында аты аңызға айналған "Джузеппе Меацца” стадионында Миландық "Интердің" қақпасына гол соғып, Еуропа төрінде "Қайратың” атын паш еткен болатын.
Үш маусым ішінде Израильдік легионер “Сары-Қаралар” жейдесінде 92 матч өткізіп, 3 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.