Биылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі Қазақстандық футболшылар үшін үлкен мүмкіндік тудыруда. “Спортинг” қорғаушысы Эдуарду Куарежманың өкілі Карлуш Гонсалвеш Қазақстандық ойыншыларға жоғары баға беріп, олардың Еуропада ойнауға қабілетті екенін атап өтті.
“Чемпиондар лигасы Қазақстандықтар үшін тамаша мүмкіндік. Мұндай деңгейде алаңға шығу тек топ-клубтармен ойынның ләззатын сезіну ғана емес, сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінен келген скауттар мен клуб басшыларының назарына түсу деген сөз. Сіздердің футболшыларыңыздың әлеуеті өте жоғары, олар Еуропада өзін көрсете алады.” – деді Гонсалвеш.
Ол Қазақстандық ойыншыларға тұрақтылық пен бейімделу маңызды екенін баса айтты:
“Ең бастысы тұрақты ойнау және жоғары деңгейдің талаптарына тез бейімделу. Егер жігіттер осы кезеңде өздерін лайықты көрсетсе, олардың мықтырақ клубтарға өтуіне ешқандай кедергі болмайды.” – деді агент.