Шымкенттік футбол академиясының басшысы әрі отандық клубтардың бұрынғы ойыншысы Ельмар Нәбиев "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы дебютіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Маманның айтуынша, Алматы клубы Еуропаның ең мәртебелі турнирінде тайсалмай өнер көрсетті.
Sports.kz порталына берген сұхбатында ол алматылық ұжымның ойынын 10 балдық жүйемен бағалады.
"Шабуылдаудан қорықпаған Қайрат"
Ельмар Нәбиев Алматылық ұжымның басты артықшылығы ретінде олардың ашық әрі батыл ойын мәнерін атап өтті:
"Мен бұл бағаны "Қайраттың" жалпы кезеңдегі барлық сегіз ойынында да ештеңеден қорықпай, алға ұмтылып, шабуылдауға тырысқаны үшін беріп отырмын. Олар тек қорғаныста жатпай, ойын құруға, креативті болуға ұмтылды.” — дейді маман.
Тарихи нәтижеге берілген баға
Қазақстан чемпионының өз тарихында тұңғыш рет турнирдің негізгі сатысында бақ сынағанын ескерген Нәбиев командаға 7 ұпай берді. Ол клубтың алғашқы қадамы сәтті болғанын және халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғағанын жеткізді.