“Қайраттың” экс-ойыншысы футболмен қош айтысты

15.09.2024, 13:52

35 жастағы тәжірибелі қорғаушы Виктор Васин бутсасын шегеледі.

“Қайраттың” экс-ойыншысы футболмен қош айтысты

Виктор өз мансабында “Спартак” Нальчик, “Нижний Новгород”, “Мордовия”, ЦСКА және УФА клубтарында өнер көрсетті. 

Соңғы рет ол алматылық Қайрат сапында жүрді. 2022 жылдан 2024 жылдың жазына дейін Васин сары-қаралар үшін жалпы алғанда 68 ойын өткізіп, 4 гол соқты.

Виктор біршама клубта өнер көрсеткенімен, тек мәскеулік ЦСКА-да ғана жетістікке жетті. Атап айтсақ, 2013 жылы Ресей Кубогы және 2016 жылы ел чемпионатын жеңді. 

Ресей құрамасында қорғаушы 2010 жылдан бері 13 ойын өткізіп үлгерді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0

Тегтер:

Қайрат ФК
×