Гиорги Зариа грузиялық “Динамо” Тбилиси клубымен келісімге келді.
2026 жылдың қаңтар айынан бері клубсыз жүрген Гиорги Зариа 2015 жылы өз тәлім алғаг “Динамо” Тбилисимен бір жылдық келісім шартқа отырды. 28 жастағы жартылай қорғаушы жаңа командасында Эровнулиганың “Руставиге” қарсы 3-тур ойынында дебют жасайды деп күтілуде.
Естеріңізге салсақ, 2024 жылдың басынан бері Гиорги алматылық Қайрат жейдесінде өнер көрсетті. Екі маусым қорытындысы бойынша Зариа Қазақстан чемпионатын екі рет жеңіп, Чемпиондар Лигасының триумфаторы атанды.
Өз мансабында жартылай қорғаушы “Қайрат” пен Тбилиси ұжымынан бөлек, отанындағы “Саско” және “Динамо” Батуми сапында доп тепті.