Кипр чемпионатының кейінге шегерілген 1-тур ойынында “Пафос” клубы “Эносисті” 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Жеңімпаз команданың сапында Домингуш Кина, Мислав Оршич және Пепе бір-бір голдан соғып, матчтың тағдырын шешті.
Айта кетейік, дәл осы “Пафосты” “Қайрат” 21 қазанда Алматыда күтіп алады.