"Қайрат" 2026/27 жылғы маусымдағы Конференция лигасының жалпы кезеңіне жолдама алуы отандық футбол үшін маңызды қаржылық оқиға болмақ, деп хабарлайды Aladop.kz.
УЕФА-ның ережелеріне сәйкес, бір клубтың Еурокубоктардың негізгі кезеңіне шығуы бүкіл Қазақстан Премьер лигасы клубтарына қомақты қаражат түсетінін білдіреді.
Қаржы көлемі клубтың қай турнирде өнер көрсететініне тікелей байланысты. Мәселен, 2025/26 маусымының қорытындысы бойынша "Қайрат" Чемпиондар лигасына шыққан кезде, ҚПЛ-дың әр клубы рекордтық 596 461 еуро көлемінде төлем алған болатын.
Алайда, Конференция лигасында мұндай рекордты жаңарту мүмкін емес. Мысалы 2024/25 маусымында "Астана” Конференция лигасына жолдама алғанда, өзге клубтардың әрқайсысына 358 мың еуродан тиген. Биылғы маусымда бұл көрсеткіш теориялық тұрғыдан 358 мың еуродан жоғары болуы тиіс.
Биылғы қаржыны бөлу кезінде бір маңызды кедергі бар. УЕФА-дан түсетін ынтымақтастық төлемдерін бөлісетін клубтар саны артқан. Егер бұған дейін "Астананың” жетістігі үшін ақша небәрі 12 командаға бөлінсе, кейінірек клубтар саны 13 болған. Қазіргі таңда бұл қаражат 15 клубқа бөлінуі тиіс, бұл әр клубқа тиетін түпкілікті соманың азаюына алып келуі мүмкін.
Қорыта айтқанда, "Қайраттың” Еурокубоктық додадағы табысы елдегі басқа клубтардың бюджетіне де оң әсерін тигізеді, бірақ лигадағы командалар санының артуы әрқайсысының жеке үлесін шектеуі ықтимал.