“Брюггенің” 21 жастағы қорғаушысы “Ливерпуль” сапын толықтыруы мүмкін.
Эквадорлық Хоэль Ордоньесқа мерсисайдтық команда 2025 жылдың соңынан бері қызығушылық білдіріп келеді. Ойыншыға таласта “Челси” ФК бас тартуы да “Ливерпуль” үшін ұсыныс жасаудың оңтайлы кезеңін тудырды.
21 жастағы қорғаушыны Трансфермаркет порталы 28 млн еуроға бағалайды. “Брюгге” құрылымында Хоэль жалпы алғанда 105 матч өткізіп, 4 гол мен 2 голдық пас берді. Ордоньес Эквадор құрамасына да тұрақты түрде шақыртылып келеді. Ол латын америкалық ұжым жейдесінде 15 матч өткізген.
Еске салсақ, 21 қаңтар күні ел астанасында “Қайрат” командасы Хоэльдің “Брюггесін” қонақ қылады. Аталған Чемпиондар Лигасын кездесуін футбол фандар сағат 20:30-да тамашалай алады.