"Қайраттың" футболшысы "Селтиктен" қорқа ма? Шотландиядағы матч алдында осындай негатив болды

14.08.2025, 11:36

«Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат ЧЛ плей-офындағы «Қайрат» - «Селтик» теке-тіресіне байланысты пікірін айтты.

"Қайраттың" футболшысы "Селтиктен" қорқа ма? Шотландиядағы матч алдында осындай негатив болды
Рафаэль Уразбахтин "Қайрат" ФК бас бапкері

Командалар арасындағы алғашқы кездесу 20-тамызда Шотландияда болады.

«Қайраттың» Словакиядағы кездесуін тамашалай алмадым. Артынан шолуын көргем. Пенальти сериясын тамашаладым. «Қайрат» жақсы ойнапты. Келесі кезеңге өтуге лайық болды. Қазір онда барлық футболшы керемет өнер көрсетуде. Алматылықтардың ойыны алдыда Сәтпаев пен Жоржиньоға тәуелді. Екеуі қазір команданың көшбасшысы. Одан кейін Александр Заруцкийдің өнеріне ерекше тоқталғым келеді. «Қайраттың» шабуылын бәрі мақтайды, бірақ соңғы шептегі қақпашының да еңбегі ерен! Ал енді «Селтикті» күтеміз. Өте азулы қарсылас, бірден айтайын «Қайратқа» қиын болады, бірақ мүмкіндігі бар әрине. Алматылықтар үшін барлығы ойдағыдай болады деп үміттенемін», - деді футболшы «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.

Алматылық клубтың қарымта матчы 26-тамызда болады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×