«Қайраттың» қақпашысы: «Қайрат» «Интерден» ұпай тартып ала алады

05.11.2025, 16:45

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы қақпашысы Владимир Плотников ЧЛ жалпы кезеңінің аясындағы «Интерге» қарсы ойында бұрынғы клубында мүмкіндік бар дейді.

«Қайраттың» қақпашысы: «Қайрат» «Интерден» ұпай тартып ала алады
Дастан Сәтпаев "Интерге" қарсы матч қарсаңында

 Ардагердің пікірінше, «Қайрат» сәттілік пен жүйелі ойын арқылы Миланнан ұпай олжалап қайтуы мүмкін. Бұл матч бүгін түн ауғанда басталады.

«Интермен» матч оңай болмайды, алайда, «Қайраттан» бір ғажайып күтем. Олардың қолынан келеді және мен бұған сенемін. «Қайрат» «Интерден» ұпай тартып ала алады, неге ала алмайды? Иә, деңгейі әлдеқайда жоғары қарсылас, бірақ бұл футбол, мұнда кез-келген жағдай орын алуы мүмкін. Сәтті әрі темірдей тәртіп сондай бір тиімді нәтижеге жеткізуі мүмкін», - деді В.Плотников Meta-ratings.kz сайтына берген сұқбатында.

Алматылық ұжым 3 турдан бір ұпай еншілеп, 35-орынға табан тіреуде. Рафаэль Уразбахтин командасы алғашқы екі турда ірі жеңілістен кейін, кипрлік «Пафоспен» тең тарқасқан 0:0.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×