«Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза пенальти қайтарудың арқасында ерекше жетістік орнатты

19.09.2025, 13:07

Кеше Лиссабонда өткен «Спортингке» қарсы матчта Шерхан Қалмұрза 18 жас 96 күнінде португалдық клуб капитаны Мортен Юльманның 11 метрлік соққысын қайтарды.

«Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза пенальти қайтарудың арқасында ерекше жетістік орнатты

Ол Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде пенальтиді қайтара алған ең жас қақпашылар тізімінде екінші орынға көтерілді. Бұған дейін мұны одан ертерек жаста тек Миле Свилар жүзеге асырған (18 жас 65 күн). 2017 жылы «Бенфиканың» экс-қақпашысы «Манчестер Юнайтедтің» экс-шабуылшысы Антони Марсьяльдың соққысын қайтарған еді.

Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізген Шерхан Қалмұрза тағы бір жетістікке жетті. Ол басты еурокубок турнирінде алаңға шыққан ең жас қақпашылардың үздік үштігіне енді.

Айта кетейік, «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 1-турда сырт алаңда «Спортингке» 1:4 есебімен жол берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×