2025 жылғы маусым Алматылық "Қайрат" үшін тарихи жыл болды. Команда ел чемпиондығын жеңіп алып қана қоймай, алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Бұл жетістіктер клубқа айтарлықтай қаржылай пайда әкелді.
Meta-ratings.kz дерегінше, "Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі раундына шыққаны үшін шамамен 2 миллион еуро (яғни 1,25 миллиард теңге) көлемінде сыйақы алады. Бұған қоса, Қазақстан Премьер лигасында чемпион атанғаны үшін клубқа тағы 2 миллион АҚШ доллары (шамамен 1,075 миллиард теңге) табыс түседі.
Осылайша, Алматылықтар маусым қорытындысы бойынша жалпы 2,3 миллиард теңгеден астам табыс табып отыр.