Футболдан АПЛ-дің 5-турында «Арсенал» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдады.
Тоғызыншы минутта Эрлинг Холанд есепті ашып, қонақтарды алға шығарды. Екінші таймда «Манчестер Сити» толықтай қорғаныста ойнап, тең есепті сақтауға тырысқанымен, 90+3-минутта Габриэл Мартинелли есепті теңестіріп кетті.
Осы турдан кейін «Арсенал» 10 ұпай жинап, 2-орында қалса, «Манчестер Сити» 7 ұпаймен 9-орында тұр. Ал топ басында 15 ұпаймен «Ливерпуль» клубы жеке-дара көш бастап келе жатыр.
Келесі турда «Манчестер Сити» 27 қыркүйекте өз алаңында «Бёрнлиді» қабылдайды. Ал «Арсенал» 28 қыркүйекте сырт алаңда «Ньюкасл Юнайтедпен» кездеседі.