“Қайраттың” қарсыласы “Спортинг” негізгі ойыншысынан айырылды

02.09.2025, 13:00

Португалияның “Спортинг” клубы Чемпиондар лигасының басталар алдында негізгі шабуылшысын сатқаны туралы хабарлады.

“Қайраттың” қарсыласы “Спортинг” негізгі ойыншысынан айырылды

20 жастағы Дат шабуылшысы Конрад Хардер “Спортингтен”, Германияның “РБ Лейпциг” клубына ауысты. Өткен маусымда ол Португалия чемпионатында 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Бұған қоса, Кубок пен Чемпиондар лигасында тағы 6 голдың авторы атанды.

Хардер жаңа клубымен 5 жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін “Спортинг” өзінің басты форварды Виктор Дьёкерешті “Арсеналға” сатқан еді. Қазір команданың орталық шабуылшы позициясында 27 жастағы Колумбиялық Луис Суарес ойнап жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×