“Қайраттың” келер қарсыластары қара жаяу емес

“Қайраттың” Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды. 

“Қайраттың” келер қарсыластары қара жаяу емес

Рафаэль Уразбахтин командасы сәтін салып, “Слованнан” екі матч қорытындысы бойынша айласын асырса, мына қарсыластарға тап болады

  • Буде/Глимпт (Норвегия);
  • “Копенгаген” (Дания) - “Мальмо” (Швеция);
  • “Црвена” (Сербия) - “Лех” (Польша);
  • “Ференцварош” (Венгрия) - “Лудогорец” (Болгария);
  • “Селтик” (Шотландия).

“Копенгаген”, “Црвена” және “Ференцварош” өз қарсыластарымен 5 және 6 тамыз күні матч өткізеді. Жеңімпаз команда жеребе нәтижесі бойынша “Қайратқа” қарсыласатануы мүмкін.

Чемпиондар Лигасы іріктеуінде бұған дейін “Олимпия” мен КуПС клубын жарыс жолынан шығарған “Қайрат” “Слованға” қарсы алғашқы матчын 6 тамыз күні өз алаңында өткізбек. Қарымта кездесу 12 тамызда жоспарланған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×