Испан бапкері Карлос Феррер шәкірттері қыркүйек айында екі матч өткізеді.
Александр Мартынович пен Валерий Громыко "Қайрат" сапынан екінші жыл қатарынан Беларусь құрамасына шақырту алды. Қос ойыншы өз елінің командасы сапында 5 және 8 қыркүйек күні Грекия мен Шотландияға қарсы матч өткізеді.
Қазақстандық команданың капитаны Александр Мартынович Қайрат жейдесінде осы маусымда барлық турнирлерде 16 матч өткізіп, 3 гол соқты. Ал Валерий Громыко болса, 19 кездесуде төбе көрсетіп, онда 4 гол мен 5 голдық пас берді.
Жалпы Беларусь құрамасы Әлем чемпионатына іріктеудің С-тобында өнер көрсетуде. Команданың қарсыластары есебінде Грекия, Дания және Шотландия ұжымдары саналуда.
Бір қызығы, турнирдің А-дан бастап, D-тобына дейінгі турнир кестесінде орналасқан ұжымдар іріктеу кездесулерін енді бастағалы отыр. Қалған топтарда тартыс наурыз айында басталып кеткен.