«Қайрат» бапкері Рафаэль Уразбахтин Премьер лиганың 26-турында «Тобылдан» жеңілгеннен кейін (1:4) ойын қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бас бапкер бұл матчта команданың үлкен соққы алғанын айтып, орын алған жеңіліс үшін жауапкершілікті толығымен өз мойнына алды. Уразбахтиннің айтуынша, оның ішкі түйсігі құрамға кейбір өзгерістер енгізуді меңзегенімен, ол «жеңіске жетіп жүрген құрамға тиіспеу керек» деген стереотипке беріліп кеткен.
Сонымен бірге, бапкер бұл сәтсіздік команданы бәрібір де күштірек ететініне сенім білдірді. Ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеде футболшылармен сөйлескенін атап өткен ол, команданың соңына дейін күресетініне уәде беріп, бүгінгі матчта қарсыласқа тым көп мүмкіндік беріп қойғандарын мойындады.