«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георги Зариа алматылық клубтың чемпиондық таласы туралы айтты.
Сондай-ақ, грузиялық футболшы Лига Кубогіне де тоқталды.
«Біздің алдымызда бес финал бар. Солардың бесеуін де жеңе алсақ, чемпион боламыз. Лига кубогі? Бірінші ойынды 0:2 болып жеңіліп қалдық. Жауапты кездесу үш күннен кейін осы жерде өтеді. Бұл бәсекеге тыңғылықты дайындық жүргізудеміз. Қалай боларын көреміз енді. Қалай дегенде де, біз жеңіске жетуге ниеттіміз», - деді грузиялық легионер. Алматылық ұжым 19 ойыннан кейін отыз бес ұпаймен 2-сатыда келеді. Көшбасындағы «Елімай» 37 ұпаймен бірінші сатыға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET