«Қайраттың» ресейлік қорғаушысы Егор Сорокин алматылық ұжымның мақсаттары мен «Қайсармен» өткен ойын туралы пікірін айтты.
«Қайсармен» болған бәсекеге ерекше назар аударуға тұрарлықтай деп айтпас едім. Бұл ұтуымыз тиіс кезекті матчтың бірі ғана болатын. Бес-алты команда үзеңгі қағыстырып келеді, әрқайсысы қарсыластың сүрінгенін күтуде. Жалпы, бас жүлде үшін талас ауыр болатын сыңайлы. Турнирлік кестенің шыңына шығып, чемпион болу үшін барымызды саламыз», - деген болатын Е. Сорокин.
Егор Сорокин маусымның басын «Елімайда» өткізген. Кейін алматылық ұжымның қатарын толықтырды. Сондай-ақ, қорғаушы өзінің отанында «Краснодар» намысын қорғаған. Айта кетейік, ҚПЛ-дің 21 турынан кейін «Елімай» отыз жеті ұпаймен көш бастады. Екінші сатыда «Ақтөбе».
Біздің серіктес: FONBET