"Қайраттың" сәтсіздігі бас бапкердің қателігі ме? Сарапшылар екіұшты пікір қалдырды

Бүгін, 15:18

Танымал бапкер Болат Есмағамбетов "Аладоп.кз" сайтының тілшісіне сұқбат беріп, "Қайрат" - "Олимпиакос" кездесуі жайлы пікірімен бөлісті.

"Қайраттың" сәтсіздігі бас бапкердің қателігі ме? Сарапшылар екіұшты пікір қалдырды
"Қайрат" - "Олимпиакос" кездесуі

Кеше ЧЛ 6-туры аясында болған бәсекеде Рафаэль Уразбахтин шәкірттері 0:1 есебімен ұтылып қалған болатын.

 "Бұл ойынды екі таймға бөлуге болады. "Қайратта" негізгі құрамда шыққан жігіттердің тең жартысы ұзақ уақыт бойы қосалқы құрамда отырып келген. Ойын тәжірибесі аз, Енді бұл жерде бір жағынан бас бапкер оларға да мүмкіндік бергісі келген шығар дейсің, ал екіншіден қорғанысқа көбірек көңіл бөлуді де ойлаған болуы ықтимал. Бірақ, соның салдарынан үзіліске дейін алаң иелерінде бірде-бір мүмкіндік болған жоқ. Тіпті, бірде-бір соққыны көрмедік. Ал екінші таймда Громыко мен Жоржиньо шықты, енді олар негізгі құрамның жігіттері, аздап ойын өзгерді. Сол 70-минуттардан бастап гректер бұлай жалғаса бермейтінін түсінді ме, тізгінді мықтап ұстап, "Қайрат" қорғаушыларының қателігін ұтымды пайдаланып кетті. Сондай-ақ, "Олимпиакос" үзілістен кейін ойыншыларды сәтті алмастырған, жаңа футболшылардың арқасында гол салып кетті. Тареми шешуші пас шығарған. Жалпы, футболда гол жіберген команда 10 минуттай ес жия алмай жүреді, сол голдан кейін гректерде бір емес бірнеше гол салатын мүмкіндік болды. Бірақ, алаң иелерін түрлі жағдайлар құтқарып қалды", - деді Б. Есмағамбетов.  

Жалпы кезеңдегі 6 турдан кейін "Қайрат" 1 ұпаймен сол 35-орында қалып отыр. Ал грекиялық команда ұпай санын 5-ке жеткізіп, жиырма алтыншы сатыға көтерілді.             

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×