«Қайраттың» шабуылшысы Эдмилсон: бұл тек басы ғана, бұл жақта әлі көп доп соғамын

04.08.2025, 14:01

«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Эдмилсон ҚПЛ-дің 19-турындағы «Ұлытау» қақпасына салған голы мен ЧЛ 3-іріктеу кезеңіндегі «Слованға» қарсы матч туралы пікірімен бөлісті.

«Қайраттың» шабуылшысы Эдмилсон: бұл тек басы ғана, бұл жақта әлі көп доп соғамын
Эдмилсон де Пауло Сантос Фильо

Бразилиялықтың голы алматылық клубқа жеңіс сыйлаған болатын 1:0.

«Бұл голдың қажеттілігін сездім. Сегіз ойынды нәтижесіз өткізген соң, бұл бәсекенің маңызы зор болды. Бұл голды отбасыма арнаймын, олар үнемі қолдайды. Оларға да оңай болған жоқ, мен үшін уайымдаған еді. Енді осы голдан кейін ешқандай қысымды сезбеймін. Бұл тек басы ғана, бұл жақта әлі көп доп соғамын деп үміттенемін. Чемпионаттағыдай емес, бұл мүлде басқа ойын болады. «Слован» - үлкен команда. Олар өткен маусымда Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсеткен. Біздің алдымызда үлкен сынақ тұр, бірақ олардың жағдайын қиындатып жіберетін шамамыз бар. Қайтадан тарих жаза алатынымызға сенемін. Армандау керек, сену керек», - деді шабуылшы клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.

«Қайрат» 3-іріктеу кезеңіндегі бірінші бәсекесін 6-тамызда Алматыда өткізеді. Жауапты кездесу 12-тамызда Словакияда болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×