Алматылық «Қайраттың» 18 жасар шабуылшысы Азамат Тұяқбаев мансабын Англияда жалғастыруы ықтимал.
Жас футболшыға Англиядағы екінші дейңгейлі турнир Чемпионшип өкілі «Ковентри» қызығушылық танытқан ұқсайды. Бұл туралы «ASnews.kz» мәлімдеген болатын.
Қазір «Ковентриді» лондондық «Челси» мен Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпард жаттықтырады. Тоғыз матчтан кейін «Ковентри» 19 ұпаймен Чемпионшипте көш бастап келеді. Клубтың екі ойыншысы Хаджи Райт пен Брандон Томас-Асанте чемпионаттың үздік сұрмергендері тізімінде алғашқы үштіктің қатарында тұр. Англиялық клуб Азамат Тұяқбаевтың ойынын УЕФА жастар лигасындағы «Спортингке» қарсы матчта (2:3) байқап, тәнті болған көрінеді. аталған бәсекеде Азамат дубль авторы атанған болатын.
Азамат "Монтажник" әуесқой клубында шыңдалып, кейіннен "08 Region-да" доп тепкен. 2020 жылы Alash RKS клубына ауысады. 2022 жылдан бастап, "Қайрат" академиясының назарына ілігіп, қатарға қосылады. 2023 жылдан бері QJ League-те үш маусым өнер көрсетіп, 30 гол соғып, турнир тарихындағы үздік бомбардир атанады. 2024 жылы Азамат Тұяқбаев пен Дастан Сәтпаев "Црвена Звездаға" гол соғып, "Қайрат-Жастар" 2:0 есебімен жеңіске жеткен-ді. Англиядағы АПЛ мен Чемпионшиптан кейінгі үшінші дивизион скауттары Тұяқбаевтың аяқ-алысын бақылап жүрген көрінеді. ҚПЛ-да "Жетісуға" гол соққан соң, бала арманы орындалғанын айтқан Азаматқа жанкүйер ықыласы ерекше. Әсіресе, қазақша сөйлегеніне қайран. Ақпарат бойынша, оның әкесі – қазақ, шешесі – неміс. Жартылай қорғаушы "Қайрат" сапында