«Қайраттың» тағы бір түлегі топ-лигада

10.04.2025, 15:48

«Қайрат» академиясының түлегі Аламгир Смақов «Бешикташ» клубымен келісімге келді.

«Қайраттың» тағы бір түлегі топ-лигада
Аламгир Смақов

Алайда, Дастан Сәтпаевтың жағдайындағыдай, футболшы кәмелет жасына толғанша стамбулдық клуб жейдесін кие алмайды. Сондықтан, былтырдан бері «Бешикташ» сапында жаттығып келген жас талант «Қайрат» сапына қайтып оралды. Аламгир 18-ге толғанша QJ League командасында шеберлігін шыңдамақ, сондай-ақ, маусым барысында «Қайрат-Жастар» командасының кездесулерінде де алаңға шығып қалуы ықтимал.

Айта кетейік, Аламгир Смақов қазір «Жетісуды» жаттықтыратын Самат Смақовтың ұлы. 16 жасар жартылай қорғаушы Қазақстан U-17 сапында 13 ойында өнер көрсетті.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×