Ресей мен “Зенит” командаларының экс-ойыншысы Александр Кержаков “Қайрат” ФК бапкері атануға жақын.
Қазіргі сәтте Александр клубсыз жүр. Бапкер кез-келген ұсынысқа ашық.
Кержаковқа алғашқы ұсынысты алматылық “Қайрат” клубы тастаған екен. Бүгінгі күні ресейлік маман “сары-қаралар” клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егерде бапкер қызметке тағайындалатын болса, онда оның жұмысына берілетін жалақы құны айына 1 млн теңге болмақ. “Қайраттың” бұның алдындағы жаттықтырушысының жалақысы да 1 млн теңгені құраған.
Ресейлік маман бапкерлік мансабында “Спартак" (Суботица), кипрлік "Кармиотиссу", "Нижний Новгород" және "Томь" клубтарын баптаған.
Айта кетейік, “Қайраттың” қазіргі бапкер қызметін уақытша Рафаэль Уразбахтин атқарып келеді.
Біздің серіктес: FONBET