Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин туралы пікірін айтып, отандық маманның жұмысына өз бағасын берді.
Биыл алматылық клуб отандық маманның жаттықтыруымен ЧЛ плей-офф кезеңіне дейін жетіп, онда бірінші бәсекеде сырт алаңда «Селтикпен» тең түсті 0:0. Жауапты кездесу 26-тамызда Алматыда өтеді.
«Қайраттың» жүйесінде осымен 3-жыл еңбек етуде. Былтыр Александр Кержаковтың көмекшісі болған. Тамыздан бастап тізгінді толық өзі алды. Не айтуға болады? Клуб басшылығы сенім артты. Бұл әрине үлкен қолдау, Уразбахтин соны толықтай ақтап жатыр деуге болады. Чемпиондықты әперді, биыл да бас жүлдеден үміткер қатарында. Кәсіби бапкер болу да оңай емес, сенде 25 футболшы бар, соның қайсысын негізгі құрамға қоясың. Қай футболшы дайын, соны жаңылмай табуың керек, ал қосалқы құрамға кімді сақтау керек дегендей. Жаттығу, тактикасы, клубтың философиясы міне соның барлығы бапкердің мойнына артылады. Рафаэль Уразбахтин жас маман ғой, енді-енді бастап жатыр. Онда бәрі әлі алдыда деп сенемін. Қазіргідей толайым табыстың артынан, сәтсіздіктердің болуы да кәдік. Бірақ, дәл қазір ол өзіне артылған сенімді толықтай ақтап келеді. «Қайраттағы» атмосфера керемет, ойыны да солай. Ротациясы да жаман емес. Бапкерде интуиция болуы керек дейді, бір-екі қадам алдыға ойлап тұруың керек. Көреміз енді ары қарай қалай боларын. Ал әзірше, Уразбахтин барлығының көңілінен шығып отыр. Жас маманға ең басты дүние – клуб басшылығының қолдауы, сенімі. Ал бізде қалай, бір-екі ойынды ұтылса, «ой, мынау нашар бапкер, басқа біреуді іздеу керек» деп шыға келеді», - деді Б. Есмағамбетов.
ҚПЛ-2025-те «Қайрат» 20 матч өткізіп, 43 ұпаймен 2-орынға табан тіреуде.