Каирда Салах бейнеленген бетпердемен ұрылар қолға түсті

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
21.05.2020, 03:14
Каирда полиция қызметкерлері Салахтың түрі бейнеленген бетперде киген бір топ ұрыларды қолға түсірді.
Каирда Салах бейнеленген бетпердемен ұрылар қолға түсті

Masrawy басылымының хабарлауынша төрт адамнан құрылған топ қала дүкендерінің бірін тонамақшы болған. Бір қызығы қылмыскерлер жүздерін жасыру үшін бетперделеріне "Ливерпульдың" ойыншысы Мұхамед Салахтың суретін салдырып алған.

Абырой болғанда полиция қызметкерлері дер кезінде келіп үлгерген. Тергеу барысында олардың сөмкелеріне есік бұзуға арналған түрлі заттар мен бір тапанша табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×