“Қайсар” алғашқы ОЖЖ өткізіп бастады

Қасқырлар жаңа бапкердің келуімен “Қайсар” Аренада” алғашқы жаттығуын өткізді. 

“Қайсар” алғашқы ОЖЖ өткізіп бастады

Жалпы жиынға 4 қақпашы, 8 қорғаушы, 8 жартылай қорғаушы және 10 шабуылшы келіп қатысты. Көбінде құрамға дубль жастары шақыртылыпты. Бапкер Ферапонтов оларды іріктеп, келер маусымға керек деген футболшылармен ғана жұмыс атқармақ.  

Мәселен, жартылай қорғаушылар қаралымында “Тараз” ФК түлегі Диас Лесбек жүр. Ол өткен маусымда жамбылдық клуб сапында 22 матч өткізіп, 2 гол мен 1 голдық пас берді. 21 жастағы ойыншы Бірінші Лига аясында бірнеше рет турдың символикалық құрамына кірді. Бұл футболшы тіреуіш жартылай қорғаныста қара жұмыстардың барлығын жасай беретін қабілетімен ерекшеленеді. Онымен қоса, Тараз жерінен тәлім алған шабуылшы Димаш Серікұлы да қасқырлар сапында дайындығын пысықтап келеді. Бірақ ол Диас Лесбекке қарағанда, “Қайсар” жейдесінде 4 матч өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пас берді. 

Айтпақшы, жиын барысында қаралымда жүрген футболшылар арасында екіжақты жолдастық кездесулер өтеді. Бұл жас әрі болашағынан үлкен үміт күттірген аяқдопшылардың жоғары деңгейге өсуіне үлкен мүмкіндік туғызып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайсар ФК
Aladop Youtube
×