“Қайсар” басшылығы мен жанкүйерлер кездесті – Жабық есік жағдайындағы қызу талқы

Бүгін, 12:45

Қызылордада "Қайсардың" белсенді жанкүйерлері мен клуб басшылығы арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайсар” басшылығы мен жанкүйерлер кездесті – Жабық есік жағдайындағы қызу талқы

Жиынға “Дала қасқырларының" спорттық директоры Алдан Балтаев пен бас бапкер Андрей Ферапонтов қатысқан екен.

ЖаркOFF телеграм арнасының мәліметінше, бұл бейресми шара барынша құпия жағдайда өткен. Клуб басшылығы кездесу барысында фото және видео түсірілім жасамауды өтінген. Бұл қадам алдағы уақытта туындауы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында жасалған болуы көрінеді.

Кездесуге қатысқандардың хабарлауынша, жанкүйерлер мен клуб өкілдері арасындағы диалог оңай болмаған. Жанкүйерлер қауымы Алдан Балтаевқа бірнеше өткір сұрақтар қойған. Мәселен, команда құрамын жасақтау және жаңа ойыншыларды таңдау барысындағы олқылықтар, клубтың алаңдағы көрсеткіштері мен тактикалық бағыты және аусым алдында қойылған міндеттердің қазіргі нақты жағдайға қаншалықты сәйкес келетіні т.с.с

"Қайсар” жанкүйерлері команданың қазіргі халін ашық айтып, басшылықтан нақты жауаптар талап еткен болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×