«Қайсар» екінші айналымда жағдайды түзей ме? Бас бапкер қызылордалық жанкүйерлер үшін маңызды мәлімет жасады

17.05.2025, 13:47

«Қайсардың» бас бапкері Виктор Кумыков маусым басындағы нәтижелер мен клубтың мақсаттарын тілге тиек етті.

«Қайсар» екінші айналымда жағдайды түзей ме? Бас бапкер қызылордалық жанкүйерлер үшін маңызды мәлімет жасады
«Ақтөбе» - «Қайсар» кездесуі

«Жеңіссіз тоғыз ойын? Ал сіздер кімдермен ойнағанымызды көрдіңіздер ме: «Елімай»,«Ақтөбе»,«Қайрат»,«Ордабасы»,«Астана» - бәрі Қазақстан футболының көшбасшылары. Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалу үшін бізге деңгейлес қарсыластарымызбен болатын ойындарды ұту керек, сондай матчтар басталған кезде. Ал біз осыған дейін ойнаған көшбасшы клубтардан бәрі де ұтылатын шығар, олар тек бір-бірімен теке-тіресте ұпай жоғалтады. Бізде маусым басында қатарынан мықты командалар болды. Иә, ойынымызда тұрақтылық жетіспейді әзірше, мүмкін екінші айналым кезінде болып қалатын шығар», - деді В. Кумыков. 

Айта кетейік, қызылордалық жанкүйерлер клуб басшылығынан сәтсіз нәтижелердің себебін түсіндіруді талап еткен болатын. Фанаттар клуб директоры мен спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың көпшілік алдына шығып, түсініктеме берулерін талап етті. «Қайсар» премьер-лиганың 8 турынан кейін 4 ұпаймен он екінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×