“Қайсар” - “Қайрат” ойынында жеңімпаз анықталмады

20.04.2025, 19:00

Қазақстан Премьер лигасының 5-турында Қызылордада өткен "Қайсар" мен "Қайрат" арасындағы матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

“Қайсар” - “Қайрат” ойынында жеңімпаз анықталмады

Екі команда да қорғанысқа басымдық берді. Бірнеше қауіпті сәттер болғанымен, гол соғылмады.

"Қайсардың” қақпашысы Кирилл Прядкин бірнеше рет командасын құтқарып, әсіресе қорғаушы Мартин Кляйннің қателігінен кейін маңызды сейв жасады.

"Қайрат” та бірнеше мүмкіндікке ие болды, алайда оларды пайдалана алмады.

Матч статистикасы:

Допқа иелік ету: "Қайсар" — 47%, "Қайрат" — 53%

Қақпаға бағытталған соққылар: "Қайсар" — 7 (4 дәл), "Қайрат" — 12 (7 дәл)

Бұрыштамалар: "Қайсар” — 3, "Қайрат" — 4

Сары қағаздар: "Қайсар" — 2, "Қайрат" — 1

Айболат Өнер

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×