«Қайсар» клубы футболшылардың жалақысына байланысты маңызды мәлімдеме жасады

20.08.2025, 18:59

«Қайсар» клубы әлеуметтік желіде таралған жалақыға қатысты жауап берді.

«Қайсар» клубы футболшылардың жалақысына байланысты маңызды мәлімдеме жасады

«Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында «Қайсар» футбол клубы ойыншыларға жалақы бермеу жайлы жалған ақпарат таралуда.

Клуб бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Бүгінде клубтағы футболшылар, бапкерлік штаб, футбол орталығы, ішкі қызметкерлердің барлығы уақытылы жалақысын алып, штаттық режимде өз жұмыстарын жүйелі атқаруда.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтініне тағы да назар аударамыз. БАҚ өкілдерінен клубтың баспасөз қызметіне хабарласуды, тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз», – делінген клубтың әлеуметтік желісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×