Команданы Қызылордадағы ең ірі кәсіпкер алып отыр.
Нақтырақ айтсақ, “Tau Group LTD” және тағы басқа бірнеше компаниясының басшысы Исламғали Қозбақов “Қайсар” клубының жаңа қожайыны болады. Ол алдағы уақытта өз қалтасынан 12 млдр теңгеге қасқырларға жаңа академия салып бермекші екен.
Жақын аралықта жергілікті спорт басқармасы мемлекет басшысының тапсырмасы орындалғаны жайында ресми мәлімдеме жасайды. Клубта жаңа қожайыны туралы тың деректермен бөліседі деген ниеттеміз.
Айта кетейік, ҚПЛ аяқталған осы маусымында “Қайсар” 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 11 орынға жайғасты. Аз ғана бюджетпен команда элитадағы орнын сақтап қалды.