"Қайсар" - "Оқжетпес". Терезесі тең ойын

Қазақстан премьер-лигасының 3-тур ойындары басталады. Ал біз бұл ойындарға дайынбыз ба?

"Қайсар" - "Оқжетпес". Терезесі тең ойын
Оқжетпес шыңы

Ұлттық құрама ойындарынан кейін чемпионат қайта жалғасады. “Қайсар” сапында ұлттық құрамаға тек бір ғана ойыншы кетті. Ол – Айбар Жақсылықов. Ал “Оқжетпес” сапында бірде-бір футболшы құрамаға шақыртылмады. “Қайсар” өз алаңында “Жеңіспен” 0:0 ойнаған соң, сыртта “Елімайға” шамасы жетпеді. 2:0 жеңіліп қалды. Жалпы, “Қайсар” әзірге чемпионатта гол салған жоқ. Ал “Оқжетпес” алғашқы матчта “Тұраннан” 2 гол жіберіп жеңілді де, кейіннен өз алаңында “Атырауды” 2:1 ұтты. Осыдан ақ бір команданың жабық ойнайтынын, екіншісінің ашық, әрі комбинациялық ойын көрсететінін байқауға болады. 

Болжам ретінде бұл матчта 3 гол болмайды деп те айтуға болады. Алайда, біздің сараптамамыз бойынша бұл ұжымдар осы жолы 1:1 тең ойнайтын секілді болып көрінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×