Қызылордалық клуб турнирлік кестенің 11-сатысына жайғасқан.
«Дала қасқырлары» 18 ойында 3 рет жеңіске жетіп, 8 матч тең түсіп, 7-інде ұтылды. Доп айырмасы 18-30. Виктор Кумыковтың командасы соңғы бес бәсекеде 5 ұпай олжалады. Өткен демалыста «Қызыл-Жарды» 1:0-мен жеңіп кеткен. Бірақ, бүгінгі қарсыласы оңай емес. Үлкен сынның астында қалған шымкенттіктердің Қызылордаға жай қыдырып келмегені анық.
«Ордабасы» өткен турда өз алаңында «Атырауды» ұта алған жоқ 2:2. 2 доп айырмасымен алда тұрып, жеңісті уысынан шығарып алған. Андрей Мартин футболшыларына нұсқаманы дұрыс жеткізе алмай ма, жоқ басқа бір кедергі бар ма, шымкенттік ұжымға тұрақсыздық тән болып барады. «Астананы» қапы қалдырып кеткен команда келесі бәсекеде-ақ «Жетісуға» жол береді. Бірақ, бүгін 3 ұпай еншілесе, алғашқы бестіктің қатарына кіруге мүмкіндігі бар. Шымкенттіктер соны іске асыра ала ма?
Бұл матчтың бірінші таймында кемінде бір гол соғылуы мүмкін. Сондықтан, ықтимал нұсқа - бірінші таймдағы голдардың жалпы тоталы 1-ден көп дегенді таңдаймыз. Оның Fonbet.kz-тегі коэффициенті 2.03.