Қызылорданың «Қайсары» Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында легионерлермен қош айтысты. «Дала қасқырлары» Премьер-лиганың алдағы маусымында тек қазақстандық футболшылармен өнер көрсетпек.
Өткен жылы қызылордалық клубтың жейдесінде ойнаған черногориялық Горон Милойко, Иован Пайович, беларусь Руслан Юденков, Василий Совпель және өзбекстандық Шохназар Норбековтер енді басқа команда қарастырмақ. Былтырғы маусымда Милойко, Юденков, Совпель мен Норбеков төрттігі «Қайсар» сапында 12 гол соғып, команданың біріншілік барысында салған голдарының тең жартысы осы ойыншылардың еншісінде болған. Тіпті, шетелдік аяқдопшылар клуб басшылығына жалақысын төмендетуге де әзір екендіктерін жеткізген. БІрақ, мәселе жоғарыдан шешілгендіктен олармен қоштасуға тура келіп отыр. Команда қатарынан легионерлер ғана емес жуырда ғана «Қайсардың» оқу-жаттығу жиынына қосылған Темірлан Ерланов та қостанайлық «Тобылдың» қаралымына кетті. Қалыптасқан жағдайға бас бапкер Виктор Кумыковтың да басы қатып, не істерін білмей отыр. Ел футболында абырой атағы бар тәжірибелі маман алдағы чемпионатта масқара болғысы келмейтіні анық. Сондықтан, Виктор Балютұлы да көп ұзамай қызметінен кетуі де ғажап емес.
Біздің серіктес: FONBET