«Қайсар» жанкүйерлері Бақтияр Артаевқа матч кезінде наразылығын білдірді

27.07.2025, 08:39

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында қызылордалық «Қайсардың» жанкүйерлері ерекше перформанс ұйымдастырды.

«Қайсар» жанкүйерлері Бақтияр Артаевқа матч кезінде наразылығын білдірді

Петропавлдық «Қызылжарға» қарсы өткен ойында алаң иелерінің жанкүйерлері Қызылорда облысының спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаевқа арнап сұрақ жазылған баннер іліп қойды.

Маусым басында Бақтияр Артаев «Қайсардың» трансферлік саясатына өзгеріс енгізген болатын. Нәтижесінде барлық легионерлер командадан кетті және клуб тек қазақстандық футболшылармен ойнай бастады. Маусымның сәтсіз басталуынан кейін, Артаев жанкүйерлерге Қазақстан азаматтығы бар жоғары деңгейдегі үш футболшыны алып келуге уәде берген еді.

Айта кетейік, 18-тур аясында өткен матчта «Қайсар» өз алаңында «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңіп, 17 ұпаймен турнирлік кестеде оныншы орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×