Қызылордалық "Қайсар" кезекті трансферін сәтті жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл жолы “Қасқырлардың" қатарын Қазақстан жастар құрамасының (U-21) белді мүшесі — Мүіслім Жұмат толықтырды.
Ол — Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Дәурен Жұматтың туған інісі. Ағайынды футболшылар ҚПЛ-де бәсекелеспек.
Мүсiлім Жұмат бұған дейін "Тараз” клубының намысын абыроймен қорғап келді. Оның еншісінде 82 ойын, 9 гол, 7 ассист бар.
Жартылай қорғаушы позициясында ойнайтын Мүсілімнің алаңды көре білу қабілеті мен шабуылды ұйымдастыру шеберлігі "Қайсардың” ортаңғы шебіне тың серпін берері анық.
Осылайша ағайынды футболшылар ҚПЛ-де бәсекелеспек.