Виктор Мозес
Белгілі сарапшы Джованни Марруччи «Қайсар» намысын қорғайтын нигерялық футболшы Виктор Мозестің ҚПЛ-дегі мүмкіндігіне тоқталып, өз бағасын берді.
«Иә, Мозес қазір мансабының соңғы кезеңінде тұр. Бірақ оның «Интерде» көрсеткен кәсібилігі мен еңбекқорлығын ескерсек, Қазақстанда да жоғары деңгейде ойнап, команданың ойынына ықпал ете алатынына сенімдімін», – деді танымал журналист ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.
Қызылордалық клубтың Виктор Мозеспен «1+1» жүйесі бойынша келісімшартқа отырғанын еске сала кетейік. 35 жастағы футболшының трансферлік құны 300 мың еуро.