«Қайсардың» бапкері: «Оқжетпеспен» ойында 7 футболшының аузы берік болды. Сәтсіздіктің негізгі себебі осы ма?

29.03.2025, 20:42

Премьер-лиганың үшінші турында «Қайсар» өз алаңында көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдап, тең тарқасты 2:2.

«Қайсардың» бапкері: «Оқжетпеспен» ойында 7 футболшының аузы берік болды. Сәтсіздіктің негізгі себебі осы ма?
«Қайсар» - «Оқжетпес» кездесуі

Нәтижелі ойыннан кейін өткен баспасөз-мәслихатында алаң иелерінің бас бапкері Виктор Кумыков кездесу жайлы пікірін жеткізіп, ойын ортаға салды. 

Виктор Кумыков; 

- Не үшін алаңнан қуды? Төрешінің шешімі қызық... Бірақ мұнда өзіміздің де қателік бар. Стандарттық жағдайларда сенімсіз ойнап, өрескел қателік жібердік. Екі голды да стандарттардан салып кетті. Қарсылас таңқалдыратын ештеңе көрсеткен жоқ, бірақ біз де 10 адаммен ойнай беретін мықты команда емеспіз. Сан басымдығына ие болды, соны пайдаланды. Төреқұлов 10-ақ минут ойнап, алқынып қалды. Түсінбеймін, дұрыс қыздырынбағаннан болар, бәлкім... 

Былтыр мүлде басқа команда, естеріңізде шығар «Елімаймен» ойын? Онда тіпті ұтып жатқанбыз. 10 адаммен қалып гол ұрып кеткен едік. Ол кезде басқа ойыншылар болды, басқа сапа дегендей. Допты ұстай алатын ек, пасты дұрыс шығарып бере алатын футболшылар болған. Ал қазір құрамның жартысы Бірінші лигада ойнағандар. Онда да ұшып кете жаздағанын білеміз. Тәжірибелі футболшы бізде саусақпен санарлық қана. Соңғы жылдары премьер-лигада доп тепкен бірнеше ғана футболшы бар. Олардың өзі негізгі құрамның ойыншылары емес. Сол үшін бізге біраз уақыт керек. Жалпы, мүлде жоғары деңгейде ойнамаған жастарымыз да жүр. Мысал үшін, алаңнан қуылған Мырзағалиев, небары 18-ақ жаста, ешқайда ойнамаған. Футболшының алаңнан қуылуы ықпал етті, одан кейін 6-7 ойыншы ораза тұтқан. Матчтың нәтижесіне мұның да әсері болған болуы мүмкін. Ал ең негізгі себеп бір ойыншының кем болғаны.

ҚПЛ-дің үш турынан кейін «Қайсар» екі ұпаймен 11-орынға жайғасты. Ал «Оқжетпес» 4 ұпаймен бесінші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×