Валерий Громыко
Қызылордалық «Қайсардың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Руслан Юденков «Қайрат» футболшысы Валерий Громыко туралы қызықты естелігімен бөлісті.
«Валерий үшін өте қуаныштымын! Екі жыл бұрын біз онымен «Қайсар» базасында бірге тұрдық, мультиваркада макарон пісіріп жейтін едік (күледі). Ал қазір ол Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар Лигасында мадридтік «Реалға» қарсы ойнады. Бұл – ертегі сияқты! Оның жетістігіне қуаныштымын», – деді Р. Юденков өзінің бұрынғы командаласы туралы.
Валерий Громыко биылғы маусымда «Қайрат» сапында 38 матчта 6 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды. Беларусь құрамасының футболшысы ҚПЛ-2025 чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.