“Қайсардың” дәуірі басталды ма? Қызылордалық клуб БАӘ-де дүркіретіп дайындық жүргізіп жатыр

08.01.2026, 19:25

Қызылорданың “Қайсары” жаңа белестерді бағындыруға білек сыбана кірісті, деп хабарлайды Aladop.kz. 

“Қайсардың” дәуірі басталды ма? Қызылордалық клуб БАӘ-де дүркіретіп дайындық жүргізіп жатыр

Клубқа жеке инвестордың келуі команданың тынысын ашып, қаржылық жағдайын нығайтты. Соның айқын дәлелі — “Қасқырлардың” биылғы оқу-жаттығу жиынын Түркия емес, деңгейі жоғары Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізуі.

Команданың бас бапкері Андрей Ферапонтов клуб басшылығы жасаған жағдайға дән риза. Оның айтуынша, Таяу Шығыстағы дайындық футболшылардың жігерін жанып, жаңа деңгейге көтеруде.

Бас бапкер не дейді?

Ферапонтов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында БАӘ-дегі жағдайдың жоғары екенін жасырмады:

“Шынымды айтсам, маған да, жігіттерге де мұндағы жағдай өте қатты ұнады. Керемет алаңдар, тамаша ауа райы — бәрі жоғары деңгейде. Біз жаттығу жоспарымыз ауа райына тәуелді болмауы үшін осы жерді арнайы таңдадық. Бірде-бір күн босқа кетпейді.” — деді бапкер.

Футболшылардың құлшынысы жоғары

Бапкердің сөзіне сенсек, команда мүшелері жаңа маусымға үлкен жауапкершілікпен қарап отыр. Ойыншыдардың жаттығу кезіндегі эмоция мен қарқыны өте жоғары деңгейде екен.

“Жігіттердің қозғалысы мен көңіл-күйіне көңілім толады. Кейде эмоция тасып жатады, біз жоспарлаған жоғары деңгейге міндетті түрде шығамыз.” — деп түйіндеді сөзін Ферапонтов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×