“Қайсардың” кезекті бомба трансфері – Қызылордалық клуб құрамын Чемпиондар лигасының жеңімпазымен толықтырмақ

Бүгін, 14:34

"Челси" және Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы, Чемпиондар лигасы мен АПЛ чемпионы Курт Зума мансабын ҚПЛ-де жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайсардың” кезекті бомба трансфері – Қызылордалық клуб құрамын Чемпиондар лигасының жеңімпазымен толықтырмақ

Қызылордалық клуб 31 жастағы Француз қорғаушысы Курт Зуманы өз қатарына қосу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Мәліметтерге сүйенсек, футболшы Қазақстандық клубтан жылына 350 мың еуро жалақы мен қосымша бонустар талап еткен.

"Ордабасы" бас тартқан ұсыныс

Инсайды от Карпа телеграм арнасының хабарлауынша, Зуманың қызметі бірнеше Қазақстандық ұжымдарға, соның ішінде Шымкенттік "Ордабасыға” да ұсынылған. Алайда Шымкент клубы тәжірибелі ойыншыдан бас тартуды жөн көрген. Соңғы рет Румыниялық "Клуж" намысын қорғаған Зума қаңтар айының басында еркін агент атанған болатын.

Жетістікке толы мансап

Курт Зума "Сент-Этьен" мектебінде тәрбиеленіп, 2013 жылы Франция лигасының кубогын иеленді.

2014 жылы 12 миллион еуроға "Челсиге” ауысып, онда Премьер лига (2015, 2017), Европа лигасы (2019), Чемпиондар лигасы (2021) және УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.

2021 жылы “Вест Хэм Юнайтедке” 30 миллион фунтқа ауысып, 2023 жылы Конференция лигасының жеңімпазы атанды.

Франция сапында 9 матч өткізіп, 2021 жылы Ұлттар лигасының чемпионы болды.

Абыройына нұқсан келген оқиға

Спорттық жетістіктеріне қарамастан, 2022 жылы Зума үлкен даудың ортасында қалды. Желіде оның үй жануарына (мысығына) қатыгездік көрсеткен видеосы тарап, қоғамның қатаң сынына ұшырады. Бұл әрекеті үшін ол 180 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді, 5 жыл бойы мысық асырау құқығынан айырылды және шамамен 90 мың фунт стерлинг айыппұл төледі.

Бұл трансфер жүзеге асса, ҚПЛ тарихындағы ең атышулы әрі атақты легионерлердің бірі болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×