Қызылорданың "Қайсар" клубы командаға жаңа спорт директорының келгенін жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жауапты қызметке 36 жастағы Қазақстандық маман Алдан Балтаев ресми түрде тағайындалды.
Балтаевтың кәсіби жолы дәл осы клубтан басталған. Ол футболшы ретінде "Қайсардың” түлегі саналады. Кейін басқа да Қазақстандық командаларының жейдесін киген болатын.