«Қайсардың» жаңа басшысы: Қызылордадағы аренаға «Реал» Мадрид немесе «Челсидің» келгенін көргім келеді

09.11.2025, 17:07

Танымал кәсіпкер Исламғали Қозбақов «Қайсарды» дамыту стратегиясы мен жеке өзінің армандарымен бөлісті.

«Қайсардың» жаңа басшысы: Қызылордадағы аренаға «Реал» Мадрид немесе «Челсидің» келгенін көргім келеді
"Қайсардың" жаңа стадионы

Естеріңізде болса, қызылордалық ұжым жаңа маусымнан бастап жекеменшікке өтеді, ал «дала қасқырларының» ендігі дамуына жеке кәсіпкерлер жауапты.

«Ұзақ уақыттық жоспар – «Қайсарды» Қазақстанда ғана емес, одан тыс та танымал клуб жасау. Бұл үшін біз негізгі команда ғана емес, академия, скауттық жүйе, инфрақұрылым мен жанкүйерлермен жұмысты да қолға аламыз. Менің мақсатым қарапайым әрі ұлы – «Қайсарды» халықаралық аренадан көру. Қызылордадағы аренаға «Реал» Мадрид немесе «Челсидің» келгенін көрсем деймін және осының барлығына қол жеткізе алатынымызға сенемін», - деді И. Қозбақов.

Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасымен кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жұмысы басталған. Бастама аясында еліміздегі ҚПЛ-дің бірнеше өкілі мен төменгі лигалардан «Шахтер» мен «Тараз» жеке басқару жүйесіне өтпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×